ҚМА таратқан мәлімет бойынша, автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді.
«Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнату имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Ал жоғарыда аталған тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған», деді ҚМА баспасөз қызметі
Күдіктілер ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді.
«Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.