Аймақтар • 13 Сәуір, 2023

Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысына қарасты бірнеше ауыл мен елді мекенге қазақша атау беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі

Атап айтқанда Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы Атамекен ауылы болып өзгертіледі.

Осакаров ауданының мына ауылдық округтері мен ауылдары:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;

Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;

Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;

Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;

Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;

Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;

Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы Жаңатоған ауылы деп ауыстырылады.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған.

Айта кетейік, былтыр Осакаров ауданы Сарыбел деп аталатыны хабарланған. ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдаған еді. Алайда әзірге ресми түрде аудан аты ауыспаған.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05