Қалалық ТЖД ұсынған мәлімет бойынша, оқиға орнында жедел штаб құрылды.
«14:30-дағы жағдай бойынша құрғақ шөп пен қамыстың өртену аумағы шамамен 3 гектарға жетті. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ әкімдіктің 4 суару жуу машиналары өртті сөндіріп жатыр», делінген ақпараттық хабарламада.
Ведомство өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін қоса хабарлады.
«Өрттің себебі алдағы уақытта анықталады. Екпінді жел мен құрғақ шөп өрт сөндіру жұмыстарына қиындық келтіріп жатыр», деді ТЖД өкілдері.
Айта кетсек, өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.