Қоғам • 14 Сәуір, 2023

Ұшақта ауызашар уақыты қалай анықталады?

876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ораза тұтушының ауыз ашу уақыты ақшам намазының уақыты, яғни күннің батуымен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұшақта ауызашар уақыты қалай анықталады?

«Қазіргі сәтте көпшілік қолданатын намаз уақыттары мен Рамазан айына арналған ораза тұту кестелерінде белгіленген күннің батуы тек жазықты жер үстінде жүргендер үшін арналған. Себебі жер шарының шығыс пен батыс бөлігінде түн мен күннің алмасу уақыттары әртүрлі болатыны сияқты, жерден жоғары қарай биіктеген сайын күннің бату мезгілі өзгереді. Ғалымдар бұл мәселеде Александрия қаласында болған тарихи мұнараның биіктігіне сай үкім берген. Яғни, қазіргі таңда шамамен 50 қабатты биік ғимараттардың және таудың басында тұрған адам өзінен төменгі жазық жердің ауызашар уақытына қарап ауыз ашуы дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда ораза тұтушы ең алдымен күннің батқан сәтін анықтап, ауыз ашу уақытын нақтылағаны жөн», делінген ҚМДБ сайтында.

Сондықтан биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін ауыздарын ашады. Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап аузын ашқаны дұрыс болады.