Дін • 14 Сәуір, 2023

Қазақстанда тіркелген 428 діни миссионердің 361-і шетелдік

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде тіркелген діни миссионерлердің санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тіркелген 428 діни миссионердің 361-і шетелдік

2023 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында ресми тіркелген 428 миссионер бар. Оның 361-і - шетелдік болса, 67-сі - Қазақстан Республикасының азаматы.

Сондай-ақ министрлік 2023 жылдың І тоқсанына дейін ресми тіркелген діни ғибадат ғимараттарының саны туралы мәлімет ұсынып отыр.

Ресми дерек бойынша елімізде барлығы 3710 тіркелген ғибадат үйі бар. Оның 2779-ы - ислам бағыты дінін ұстанатындарға, 303-і - православтарға, 115-і - католиктерге, 155-і - баптистерге, алтауы - иудаистерге, біреуі - буддистерге қызмет көрсетеді.