
«Әлеуметтік желілерде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қоғамда резонанс тудырған АДК сауда орталығында болған оқиғаға қатысушылармен туыстық байланысы бары туралы ақпарат тарады. Бұл дерек шындыққа жанаспайтынын, жанжалға қатысқан қыздың ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз», деп жазды ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Денис Шакенов әлеуметтік желідегі парақшасында.