Спорт • 14 Сәуір, 2023

Азамат Дәулетбеков екі дүркін Азия чемпионы атанды

1148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азамат Дәулетбеков екі дүркін Азия чемпионы атанды

86 келіге дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық балуан ирандық спортшы, Азияның үш дүркін чемпионы (2015, 2017 және 2019), сондай-ақ күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алиреза Каримиді жеңді.

Азамат Дәулетбеков қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.