Тергеу барысында белгісіз ер адамның кешкі уақытта жұмыстан қайтып келе жатқан 38 жастағы әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол дене күшін қолданып, оның бағалы заттарын ұрламақ болып, кейін қашып кеткен.
Елордалық 14 жастағы оқушы бұл оқиғаның куәгері болды. Әйелдің көмекке шақырып жатқанын естіген соң, оның жанына жүгіріп барып, сол кезде досын полицияға хабарлауын сұраған. Содан кейін жасөспірім үлкен адамдардың әйелге көмектесуін сұрап, көліктерді тоқтата бастаған.
Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келді. Бала шабуыл жасаушының белгілерін сипаттап, полицияға ер адамның қай бағытта кеткенін көрсетті.
Полицейлер 30 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Ол УҰИ-на қамалды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.