Қоғам • 15 Сәуір, 2023

Ұлттық ұланда әскери кеңес өтті

433 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы әскердегі қызметтік-жауынгерлік әрекеттің қорытындысы бойынша Әскери кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланда әскери кеңес өтті

Әскери кеңесте әскерлердің 2023 жылдың бірінші тоқсанына қорытындылар шығарылып, алдағы кезеңге міндеттер қойылды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы әскери кеңестің отырысы барысында жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды, бұл ретте барлық санаттағы әскери қызметшілердің әскери тәртібіне басты назар аударылды.

«Командир - бәріне үлгі! Взвод, рота, батальон командирлері барлық жеке құрам үшін тәртіптіліктің үлгісі болуы керек. Алдымен командир өзіне талап қойып, содан кейін бағыныштылардан талап етуі керек», деп атап өтті генерал-майор Еркін Ботақанов.

Аталған әскери кеңесте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары-Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов және Халық қаһарманы, Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов баяндама жасады. Баяндамашылар өз сөздерінде бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру, кадрларды нығайту, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау бойынша өзекті және проблемалық мәселелер көтерілді.

Отырыс барысында өңірлік қолбасшылықтар, Академия және әскери бөлімдер қолбасшылығының лауазымды тұлғалары тыңдалды, оларға қызметтің тапсырылған учаскелерінде жұмыста кемшіліктер көрсетілді.

Сондай – ақ Әскери кеңес барысында ел басшылығы құқықтық тәртіп әскерлерінің проблемалық мәселелері бойынша хабары бар екені айтылып, Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің қолдауымен бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіні атап өтілді. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен бүкіл армия кеңесі өтетіні туралы ақпарат жарияланды.

Әскери кеңес отырысының қорытындысы бойынша басшылық ету және орындау үшін өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерге жіберілетін қаулы қабылданды.

Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әскери кеңестің келесі отырысы Қарағанды қаласында өтеді.