Ауа райы • 15 Сәуір, 2023

Боран және көктайғақ: ертеңге арналған ауа райы болжамы

490 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің көптеген өңірінде қатты жел тұрып, орталық және солтүстік облыстарда боран мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боран және көктайғақ: ертеңге арналған ауа райы болжамы

Ертең еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, қатты жел тұрады. 

16 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с құрайды. Қарағанды қаласында күндіз көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күндіз екпіні 18 м/с болуы ықтимал. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің 15-20 м/с құрайды. Жезқазған қаласында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, облыстың орталығында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қызылорда қаласында да найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Астана қаласында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан өңірдің оңтүстік жартысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде сынап бағаны 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында оның екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбе қаласында түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен 15-20 м/с, түнде 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Павлодар қаласында 16 сәуірде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.