Оқиға • 16 Сәуір, 2023

Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу басталды

5532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында мектеп оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу басталды

Оқиға 10 сәуір Семей қаласында болған. Осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Бұзақылық бойынша соталды тергеу басталды. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, заңды өкілдерімен бірге олар Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», деді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары Жандарбек Ахметжанов.