Халық • 16 Сәуір, 2023

«Neke tour» жеңімпаздары

537 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне» орай Түр­кістан қала­сына «Neke tour» респуб­ли­ка­лық бай­­қауының же­ңім­паз­дары келді.

«Neke tour» жеңімпаздары

Алматы, Орал, Қарағанды, Сәтбаев, Астана, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Тараз және Түркістан қалаларынан келген жеңімпаздарға алғашқы күні романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылса, ертеңіне олар қала маңындағы киелі жерлерге зиярат етті. «Биыл Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отырған «Қозы Көр­пеш – Баян сұлу күні» қасиетті шаһарда ерекше форматта атап өтілуде. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Neke tour» республикалық бай­қауы қоғамның ерекше қызығушылығын тудырды. Ел көлемінде алғаш рет ұйым­­дас­тырылған жобаға 345 жұп өтінім беріп, байқаудың ма­ңыз­дылығын арттырды. Бұл отау құрған жұптардың сенім­ді, махаббатты серік еткен беріктігі мен қасиетті Түркіс­танға деген құрметі деп білемін», деген Түркістан облысы мәдениет және туризм бас­қармасы басшысының орын­­басары Әділ Қонысбеков байқау жеңім­паздарын марапаттады.

Еске сала кетейік, аталған байқауды мәдениет және туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік-ақ­­па­раттық орталығы жа­рия­­ла­ған болатын. Байқау шарт­тары бойынша, 3-9 сәуір ара­лығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жол­даған. Байқау шарты бойынша жасы мен тұрған өңіріне қара­мастан енді ғана үй болған жас жұбайлар және бұрын үйленген ерлі-зайыпты жұптар қатыса алды. «Ша­ңырақ», «Махаббат», «Ару» және «Жан­ұя» аталымдары бойын­ша же­ңім­паздар анықталды. Ал бай­қаудың бас жүлдесі – неке қию рәсімін өткізу үшін еліміздің рухани астанасы Түр­кістанға ро­мантикалық саяхат жасау. «Байқау тура­лы біліп, көп­теген ерлі-зайып­ты жұп қатысуға өтінім жі­бер­геніне қуаныштымыз. Мұндай бел­сенділік жастардың өз хал­­қының мәдени және ру­хани құндылығына деген құр­меті, сол салт-дәс­түр­мен өмір сү­руге деген құлшынысы бай­қалады. Неке қию рәсімінің қасиетті мән-мағынасы баян­ды әрі ба­қытты отбасылық өмірге жақ­сы негіз болады», дейді ұйым­дастырушылар.

Сондай-ақ бұл күні об­лыс­­­тық «Фараб» әмбебап ғылы­ми кітапханасының ұйым­­­­­­дас­тыруымен ғашықтар күніне орай «Махаб­бат сере­надасы» ат­ты поэзия кеші өтті. Кеш кейіп­­керлері – жас ақын­дар сырлы өлеңдерін оқып, көрерменге ли­ри­калық көңіл-күй сыйлады.

 

ТҮРКІСТАН 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20