Қоғам • 17 Сәуір, 2023

ШҚО-да ауа райына байланысты жабылған жол қайта ашылды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында тұманға байланысты жабылған жол қайта ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 13.30-дан бастап жабылған жол қайта ашылды.

«Тұман түсіп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жабылған облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат берілді. Осы ретте өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз», делінген мәлімдемеде.