ANTIKOR • 18 Сәуір, 2023

Жаңақорғанда білім бөлімінің басшысы бюджет қаржысын жымқырған

1390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтері білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.