Тағайындау • 18 Сәуір, 2023

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.