Қоғам • 18 Сәуір, 2023

10 жасар баланың миынан бірнеше құрт алынды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан үлкен эхинококк кистасын алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar.kz  сайтына сілтеме жасап. 

10 жасар баланың миынан бірнеше құрт алынды

Ота екі сағатқа созылды. Науқас жансақтау бөлімінде екі күн жатып, палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлердің айтуынша, мидан шамамен 10-15 таспа құрт алынған. Ал кистаның ұзындығы 15 см, ені 10 см-ге жеткен.

«Сәуірде 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Балаға жоспарланған тәртіпте операция жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Диагноз МРТ көмегімен анықталды. Баланың басы ауырған»,  деді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Самат Көкшікбаев.