Елорда • 18 Сәуір, 2023

Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылысшылар тізімі жаңарды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңарды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдау құқығы жоқ құрылысшылар тізімі жаңарды

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Астана әкімдігі азаматтардан қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн екенін еске салады.

Айта кетсек, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Үлескерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.