Білім • 18 Сәуір, 2023

Жатақхана тапшылығы қашан жойылады?

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022-2023 оқу жылындағы мәліметке қарағанда, елімізде 578 мың студент бар. Алайда, оның барлығы жатақханамен қамтамасыз етілмеген. Студенттер жатақханасының жетіспеуі - көптен бері көтеріліп жүрген мәселе. Ғылым және жоғары білім министрі бұл мәселе 5 жылдың ішінде шешімін табатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жатақхана тапшылығы қашан жойылады?

Саясат Нұрбек атап өткендей, бүгінде жатақхана мәселесі бойынша бірқатар жұмыс атқарылып, тапшылық деңгейі азайған.

«Мен министр қызметіне кіріскен кезде, елімізде 87 мың төсек-орын тапшылығы болды. Біз сегіз айдың ішінде бұл санды 55 мыңға дейін азайттық. 22 мың орынды қамтитын жатақханалар салынды. Осы жылдан бастап жылына 10 мың төсек-орынды енгіземіз. Келесі 7 жылда, яғни мемлекеттік тапсырыс негізінде 70 мың төсек-орын пайда болады деп жоспарланып отыр. Мен мердігерлерді, құрылысшылар мен инвесторларды осы іске атсалысуға шақырамын. Қаржы орталығымыз бар. Оның шарттарын түбегейлі өзгерттік. Сонымен қатар, біз Астана, Алматы қаласында арнайы жобалық кеңселер құрып жатырмыз. Жалпы 55 мың тапшылық, яғни 70% Алматы, Астана қаласына тиесілі. Одан кейін Абай облысы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр. Сосын Түркістан облысы мен Шымкент те бар. Бұл мәселе алдағы 3-5 жылда түбегейлі шешіледі», деді министр.