Саясат • 19 Сәуір, 2023

Соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен - Тоқаев

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы  макроэкономикалық саясатқа тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен - Тоқаев

«Макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керек. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажет. Иә, экономикамыз өсіп жатыр. Бірақ салық түсімдерінің ішкі жалпы өнімге қатысты өсу қарқыны – тұрақсыз. Кейбір мамандар «Салық жеңілдіктері өте көп болған соң, түсім азайып жатыр» дейді. Бұдан басқа да себептер айтылады.

Жалпы, соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Әрине бұл цифрдың дұрыс-бұрыстығын тексеру қажет. Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті», деп ойын аяқтады Президент.