Қоғам • 19 Сәуір, 2023

Кітапток: Дүниежүзілік кітап күніне арналған акция басталады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Дүниежүзілік кітап күніне орай танымал TikTok платформасымен бірге #кітапток жобасын іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кітапток: Дүниежүзілік кітап күніне арналған акция басталады

123 миллиардтан астам қаралым жинаған #BookTok жаһандық челленджінен бастау алған акцияның мақсаты - Қазақстан азаматтарын оқуға, кітап туралы ой-пікірлерімен бөлісуге және жаңа авторларды танып, жаңа әдебиеттерді білуге ынталандыру.  

#кітапток хэштегі бойынша әдебиет пен кітап оқу тақырыбына түрлі видео түсіруге болады: кітап шолулары мен ұсыныстар, кітапты таныстыру, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқу және әдебиетке байланысты жеке әңгімелер, тіпті кітап сөресін жасау немесе кітап көрмесін жабдықтау туралы бейнематериалдар да жүктеледі. Үздік үш видео авторы бағалы сыйлықтарға ие болады.  

Жобаға TikTok-та танымал контент жасаушылар мен Қазақстанның бірқатар кітапханалары қызығушылық танытып отыр. Мәселен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жобадан тыс қалмады.

«Мұндай жобалар адамдарға жаңа кітаптар туралы білуге және өздерінің әдеби талғамымен бөлісуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі таңдағы отандық жазушыларға жаңа оқырман табуға және кітапханаларға қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Біз қазақстандық TikTok пайдаланушылар #кітапток-қа белсенді қатысады деп үміттенеміз», деді ҚР МСМ ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.