Аймақтар • 19 Сәуір, 2023

Қасқырды шынжырмен соғып алған Ақтөбе тұрғыны жазаланады

963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желідегі бейнежазбаны талдау барысында қасқырды шынжырмен ұрып қинаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасқырды шынжырмен соғып алған Ақтөбе тұрғыны жазаланады

Ырғыз ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріс нәтижесінде оқиғаға қатысы бар 37 жастағы тұрғынды анықтады. Ұсталған адам оның малына қасқырдың шабуыл жасамақ болғанын айтқан. Ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен ұрып өлтіргенін түсіндірген.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.