Жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден А дивизионының әлем чемпионаты 24-29 сәуір күндері Францияның Анже қаласында ұйымдастырылады. Сергей Старыгин жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы жаһандық доданың алдында Франциямен жолдастық матч өткізіп, 7:2 есебімен басым түсті.
Бұл матчта жерлестерімізден бірінші кезеңде – Дәулет Нүркенов, Егор Левковец (дубль), екінші кезеңде – Никита Ситников (дубль), Роман Большедворский, үшінші кезеңде Кирилл Канкин мергендігімен көзге түсті. Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Франциядағы әлем чемпионатында Мажарстан (23 сәуір), Жапония (24 сәуір), Дания (26 сәуір), Украина (27 сәуір) және Франция (29 сәуір) хоккейшілерімен кездеседі.