Экономика • 19 Сәуір, 2023

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы: Дәулеттің басы – сапалы экономика

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент табиғи рентаның бұдан былай халық әл-ауқатының тұрақты көзі болмайтынын атап өтті.

Ғазиз Әбішев, саясаттанушы: Дәулеттің басы – сапалы экономика

ФОТО: www.aa.com.tr

Бұл қағиданы (ойды) алыпсатарларға алдағы бірнеше ғасыр шеңберінде ұқтырып тастаған жақсы болар еді. Оларға экономиканы дамытпай, жергілікті қосылған құнды өсірмей біз әлемнен артта қала беретінімізді түсіндіру керек. Деградацияға ұшыраймыз. Тіпті бір күндері мемлекетіміздің өміршеңдігіне қатысты мәселе туындауы мүмкін. Бұл сұ­рақты ел азаматтарының өзі де қоя бастайды. Сондықтан білекті сыбанып, заманауи индустриалды экономика құруға кірісетін уақыт келді. Тиісінше өзге жобалар осыған бағдарланғаны жөн.

Өз-өзін қамтамасыз ете алатын экономика құрылмайынша, сапалы білім де, әлеуметтік қамсыздандыру да, денсаулық сақтау да болмайды. Жүйені толықтай қамтуға қабілетсіз популизм қарапайым халықтың жақсы өмір сүруге деген ұмтылысына нұқсан келтіреді.

Президент талантты, табысты бизнесмендерге арналған «лифт» туралы да айтты. Жақын арада бизнесмендердің бірін әкім немесе министр креслосынан көріп қалуымыз мүмкін бе? Келіп, саланы шенеуніктік бюрократиядан арылтып, бизнес-үдерістерді жолға қойып, реттейтін шығар, бәлкім.