Егемен Қазақстан • 19 Сәуір, 2023

Жанар-жағармай қаншалықты қымбаттады?

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қымбатшылық қос бүйірден қысып, қараша халықтың қалтасына кәдімгі­дей салмақ түсіре бастады.

Жанар-жағармай қаншалықты қымбаттады?

Айлығы шайлы­ғынан артылмайтын ағайынның қарасы артты. Аяғына нық тұра алмаған теңге де теңселіп, инфляция да икемге көнбей кетті. Баға да бой беретін емес. Қызметтер қымбаттады. Қысқа күнде қырық құбылған бұл баға талайлардың түн ұйқысын қашырып, мазасын кетіріп-ақ тұрғаны...

Осы орайда сөредегі бағаның төрелігін айту үшін «Egemen Qazaqstan» газеті «Баға» деген атпен арнаулы бет ұйымдастыруды қолға алды. Барлық өңірдегі баға атаулыны баспасөздің безбеніне тартып көрмекпіз. Шекті құнынан асты ма деп шұқшиямыз. Қысқасы, бағаны бақылаймыз. Бар істің байыбын айтамыз. Артық кеткеннің айыбын айтамыз. Ел билігімен бірге асырып қойылған бағаны ауыздықтауға күш жұмылдырамыз. Осылайша,  «Баға»  арқылы біраз дүниені бағамдап отыруыңызға болады, құрметті оқырман қауым!  Бұл жолы жуырда ғана ел Үкіметі шекті бағасын белгілеген жанар-жағармайдың қымбаттауы төңірегінде сөз қозғамақпыз.