Әлем • 20 Сәуір, 2023

Куба президенті сайланды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 сәуірде Куба халық билігінің ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) қазіргі мемлекет басшысы Мигель Диас-Канел Бермудесті 2028 жылға дейінгі мерзіммен президенттікке сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Куба президенті сайланды

Оның президенттікке сайлануын отырысқа қатысқан 462 депутаттың 459-ы қолдаған. Кубаның қазіргі вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса тағы бір мерзімге қайта сайланды. Үкімет құрамы да бекітілді.

Кубада 2019 жылы жаңа конституция қабылданғаннан кейін президенттік институт қалпына келтірілді. Мигель Диас-Канель мен Сальвадор Вальдес Меса 2019 жылдың қазан айында президент және вице-президент болып сайланған еді.

Сол жылы қабылданған Ұлттық Жиналыс регламентіне сәйкес, олардың бірінші мерзімдегі өкілеттігі бес жыл емес, төрт жыл бойы – парламенттің жаңа шақырылымы басталатын 2023 жылға дейін жарамды болды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50