Спорт • 20 Сәуір, 2023

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

«Астана өкілі Меруерт Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті!»,  делінген хабарламада.