− «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарына сапасыз қызмет көрсеткен «Сумен қамту қалалық сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-ға 120 млн теңге айыппұл салынды, − деді Е. Досаев.
Қала әкімі Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін биыл 25 км инженерлік желілерді, оның ішінде 6 км астам су құбыры желілерін, 0,9 км жылу трассасын қайта жаңарту, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 1,5 км орташа қысымды жерасты газ құбырын жөндеу жоспарланғанын айтты.