Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Биылғы қаңтар-ақпан айларында отандық электрондық өнеркәсіп 7,2 млрд теңгеге тауар өндірді.
Егер электрондық өнеркәсіп өнімдерінің заттай шығарылымы бойынша деректеріне талдау жасасақ, онда өсімнің қандай да бір күрт қарқыны көрінбейді. Тауарлардың төрт санатының екеуінде аздап төмендеу байқалады.
2022 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында есептеу машиналары – 11,9 мың дана (минус 3,7%), электр энергиясын есептегіштер – 314,4 мың дана (бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға аз) өндірілді.
Телевизиялық қабылдағыштар (плюс 10%, 11,9 мың данаға дейін), сондай-ақ электр есептегіштерден басқа әртүрлі өлшеу аспаптарының (плюс 12,4%, 16 мың данаға дейін) өндірісі өсті.
Өндірілетін электрондық өнеркәсіп тауарларының төрт түрінің ешқайсысы бойынша Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Тек электр энергиясын есептегіштер бойынша отандық өндіріске 51,7% тиесілі, қалған тауарлар бойынша импорт басым.
Тасымалданатын радиоқабылдағыштардың экспорты – 15 есе, электр энергиясын есептегіштер – 20 есе, телевизиялық қабылдағыштар – 7 есе, электронды-есептеу техникасы 3,7 есе өсті.
Сарапшылардың мәліметінше, соңғы екі тауар позициясы бойынша параллель импорттың схемасы көрінеді. Бұл бірліктердегі экспорттың өсуі импорттың өсуіне жақын екенін білдіреді. Тауарлар қаншалықты көп әкелінсе, соншалықты шетелге де экспортталды.