Қоғам • 22 Сәуір, 2023

АҚШ университеттерінің түлектері мен елордалық оқушылар баскетболдан бақ сынасты

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебімен «Болашақ»бағдарламасы аясындағы АҚШ университеттерінің түлектері қауымдастығының ұймдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай оқушылар мен АҚШ дипломатиялық миссиясының қызметкерлері арасында баскетболдан достастық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ университеттерінің түлектері мен елордалық оқушылар баскетболдан бақ сынасты

Ойынның ашылу салтанатын мектеп директоры Елена Хамитова, АҚШ дипломатиялық миссиясының өкілі Джон Орак және «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сакенов құттықтау сөздерімен ашты.

АҚШ университеттерінің түлектері қауымдастығының жетекшісі Ринат Кемешовтың айтуынша, іс-шара мақсаты - әртүрлі этностарды топтастыру арқылы қазақстандық ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, рухани бірлік идеяларын тарату, оқушыларды спорттық іс-шараларға және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға тарту арқылы халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау.

Ит

Тарихта бұрын соңды болмаған шараның идеясы «Мирас» мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Абдраханның ұсынысымен, мектеп басшылығының қолдауымен жүзеге асқан. Оқушылардың айтуынша, мұндай шаралар көшбасшылық және командалық жұмыс сияқты көптеген дағдыларды үйретіп қана қоймайөзге елдердің мәдениеті туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Бір жарым сағатқа ұласқан спорт мерекесінде «Мирас»баскетбол командасы 75-70 есебімен басым түсті.