Спорт • 23 Сәуір, 2023

Грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда 12 медаль иеленді

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда 12 медаль иеленді

Оның жетеуі - алтын, төртеуі - күміс және біреуі - қола.

1-орын

  • Ербол Камалиев (55 келі);
  • Азамат Құрман (60 келі);
  • Ержет Жарылқасын (63 келі);
  • Сұлтан Әсетұлы (67 келі);
  • Омар Сатаев (77 келі);
  • Мақсат Сайлау (87 келі);
  • Асылбек Әбдіқалық (130 келі).

2-орын

  • Асаухат Мұхамадиев (63 келі);
  • Ерсін Абыйр (55 келі);
  • Дәулет Жалғасов (77 кел);
  • Ерзат Ерланов (97 келі).

3-орын

  • Ерасыл Мамырбеков (55 келі).