«Біздің жастар өте белсенді. Біз ішімдік ішуге үзілді-кесілді қарсымыз. Тыныш өмірдің демеушісі – алкогольді ішімдіктердің болмауы», деді ауыл тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.
Тағы да қуантарлық жағдай ауыл ішінде қылмыс айтарлықтай азайған, тіпті учаскелік полицейлер іс жүзінде ол жаққа бармайды екен.
«Соңғы жылдары бұл ауылда бірде-бір қылмыс фактісі тіркелмеген, ауыл жастары не жеке кәсіппен, не мал шаруашылығымен айналысады», дейді учаскелік полиция қызметкері Сәкен Қартаев.
Қазіргі таңда ауылда 85 шаруа қожалығы бар. Ауыл жастарының көбісі жеке кәсіппен және мал шаруашылығымен айналысады.