Білім • 24 Сәуір, 2023

Қазақстан оқушылары АҚШ-та робототехникадан өткен чемпионатта бірнеше жүлдеге ие болды

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан оқушылары FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинация бойынша жүлдеге ие болды. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан оқушылары АҚШ-та робототехникадан өткен чемпионатта бірнеше жүлдеге ие болды

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатын иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы Robot Design Award жоғары техникалық сыйлығын қанжығасына байлады. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы Motivate Award Finalist төрешілердің ерекше марапатына Алматының республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы иеленді. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робототехника мен бағдарламалау негіздерін таныстырған болатын. 

«Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жанға алғыс білдіреміз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы жемісті жолдың басы ғана», деді USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет. 

Айта кетейік, робототехника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025