Саясат • 24 Сәуір, 2023

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67 пайызға артты

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен елімізге ресми сапармен келген Чехия Премьер-министрі Петр Фиала қазақ-чех ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67 пайызға артты

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 67%-ға артып, $423 млн-ға жетті. Қарқынды өсу биыл да жаслғасын тауып жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Чехияға 95 тауар позициясы бойынша шамамен $600 млн сомаға өнім экспортын арттыруға дайын.

ж

Инвестиция тарту – екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Мәселен, 2008 жылдан бері Қазақстанға $270 млн-ға жуық тікелей чех инвестициясы тартылды. Бұл ретте тұрақты өсу үрдісі кейінгі жылдары да сақталады.

Премьер-министр өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, атап айтқанда, Қазақстанда машина жасау өндірісін локализациялауға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта жоғары индустриалды аймақтарға біздің достығымызды дамытудың локомотиві бола алатын «Skoda Transportation», «Czechoslovak group» және басқа да бірқатар ірі чех компаниялары айтарлықтай қызығушылық танытып отыр», деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов транзиттік-көлік саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтудың, екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнатудың және IT-стартаптарға венчурлік инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастықтың зор перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін атап өтті. Бұл ретте энергетика, азық-түлік және қаржы салаларындағы бастамалар ерекше қызығушылық тудырады.

«Чехияны Қазақстанмен ұзақ мерзімді достық қарым-қатынастар байланыстырады және біз өзара ынтымақтастықтың одан әрі дамуына мүдделіміз. Біз Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі серіктестердің бірі деп санаймыз. Сонымен қатар біздің ынтымақтастығымыздың ауқымы да кеңейіп келеді, өйткені бүкіл Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерімен тығыз әріптестікті дамытуға мүдделі. Ал Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас – осы ынтымақтастықтың бір тірегі», деді Петр Фиала.