Қоғам • 24 Сәуір, 2023

Елордалықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ ұсталды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 25 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ ұсталды

Тергеу амалдары барысында жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сату мақсатында жарнама орналастырғаны анықталды. Осылайша, әйгілі әншінің мерекелік кешіне бармақшы болып билет сатып алған қала тұрғыны, алаяққа 50 мың теңге аударып жіберген. Алайда, ол концертке келгенде, билеттің жалған болып шыққанын аңғарған. Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. 

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен бірнеше елорда тұрғынын алдағанын анықтады. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.