Спорт • 24 Сәуір, 2023

Бокстан биылғы Әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

104 елден 600 спортшы қатысатын жарыс 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан биылғы Әлем чемпионаты отандық телеарналардан көрсетіледі

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы және Qazsport телеарнасы бокстан биылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бүгін Әлем чемпионатына қатысатын Ұлттық құраманы жариялады.

13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайтын спортшылар: Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Талғат Сырымбетов, Санатәлі Төлтаев, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қонқабаев.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алтын медаль иегеріне 200 мың АҚШ долларын, ІІ орын алған боксшыға 100 мың және екі қола жүлдегерге 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде жүлде қорын белгіледі.