Бірінші дивизионның «А» тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміз жаһандық доданың алғашқы айналымында Мажарстан хоккейшілерімен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті. Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Дегенмен, үзілістен кейін Сергей Старыгин шәкірттері алғашқы 20 минуттықтағы қателіктерін түзетіп, бес минуттың ішінде Мажарстан қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. Кезең басталған бетте Әділ Бейсембаев (21-минут) мергендігімен көзге түссе, 34-минутта Артур Гросс қақпашымен бірге-бір шығып, кездесудің есебін еселеді. Арада бір минут өткенде Әділ Бейсембаев Александр Кимнің пасынан кейін дубльдің авторы атанып, матчтың нүктесін қойды – 3:0. Жерлестеріміз чемпионаттағы екінші тур ойынын кеше Жапония құрамасымен өткізді. Бірінші турдан кейін екі ұжым да үш ұпаймен көш бастап тұрған еді.
Өкінішке қарай, Оңтүстік Кореядағы қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы барлық ойында жеңіліп, бірінші дивизионнан екінші дивизионға түсіп қалды.