Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Қуаныш Жақсыбай баптайтын еліміздің қыздар құрамасы аталған додада ел қоржынына 8 алтын мен 2 күміс медаль салды. Бас жүлдені Эллада Махяддинова (50 кг), Аяжан Маркашева (53 кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) олжаласа, күміс медальды Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.
Осылайша, жерлестеріміз 10 жүлдемен жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.