Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Қазақстанда мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 сәуірде өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру ұсынысынан бас тарқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды

«Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық ведомство – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз», деді министр.

Бұл ретте Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі қандай әдіс ұсынып отырғанын қоса айтты.

«Сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр», деп түйіндеді ведомство басшысы.