Инновация • 25 Сәуір, 2023

Жасанды интеллект ауа-райы жүргізушісін жасап шығарды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның M Le Média телеарнасының ауа-райы жүргізушісін жасанды интеллект жасап шығарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект ауа-райы жүргізушісін жасап шығарды

Джейд есімді тележүргізуші тірі адам емес, ол - жасанды интелллекттің туындысы. Ол ауа-райы бағдарламасын осы айдың басынан бері жүргізіп келеді. Алайда, көпшілік оны жасанды интеллект жасап шығарғаны туралы енді ғана білген.

Көрермендер жүргізушінің кәдімгі адамнан еш айырмашылығы жоқ екенін айтып, таңғалып жатыр.