04 Маусым, 2010

“ЭКО-ОРТАЛЫҚ” ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

578 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жақында жыл сайын өтетін “BG GROUP басқарма төрағасының наградасы” байқауының қорытынды шарасында “Қоршаған ор­та күзетшісі” санатында жоғары марапатқа “Эко-орта­лық” жобасы ие болды. Жобаны Қа­ра­шығанақ мұнай-газ конденсатты кен ор­нын­дағы “Қа­рашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.” халықаралық консорциумы жүзеге асырған болатын. Дәстүрге енген “BG GROUP басқарма төра­ғасының наградасы” байқауының басты мақ­са­ты – әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан “BG GROUP” компаниясының бөлімшелерінің ұжымдық жауапкершілігі ішінде, еңбек пен өндірісті, жалпы қауіпсіздік пен қор­шаған ор­таны қорғауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткендерді мойындап, оларды құрметтеу болып табылады. Биыл конкурсқа қатысуға 122 өтініш түскен көрінеді. Ал награданы тапсыру сал­та­наты Ұлыбританиядағы Wіsley, Royal Horttі­cultural Socіetyеs garden-де өтті. Алдымен байқау жеңімпаздарын құрметтеуге және құттықтау мақсатымен “BG GROUP” компаниясының басқарма төрағасы, сэр Роберт Вильсон сөз алды. “Үміткерлердің өтініштері бізге үлкен әсер қалдырды. Олар біздің іскерлік тұжырымдарымызды бейнелеумен қатар, компаниямыздың негізгі қызметін көрсетеді. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы, қауіпсіздік техникасы және қоғамдық жауапкершілік секілді маңызды са­наттарда “BG GROUP” ұстанған басым ба­ғыт­тарды айқын көрсетеді, деді конкурс қоры­тындысына баға бере келе сэр Роберт Вильсон. “ҚПО”-ның бас директоры Джузеппе Пази ҚПО командасын байқаудағы жеңістерімен құттықтай отырып, “Эко-орталық” жобасын жүзеге асыруға үлес қосушыларға алғысын жет­кізді. Жеңісті байқауды сөз ете отырып, Джу­зеппе Пази былай деп атап өтті. “ҚПО-ның экологиялық орталығы біздің қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарды тиімді қолдану мәселелері бойынша міндеттемелеріміздің бір ғана бөлігі-тін. Біз үлкен жұмыс атқардық. Ол өнімділікті жоғарылатуға, қоршаған ортаны қор­ғаудағы көрсеткіштерімізді одан әрі жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Ал наградаға келсек, ол біздің тамаша өндірісіміз бен бастама­ларымыздың орынды бағаланғаны”, деді ол. Қарашығанақ кен орнындағы “Эко-ор­талық” 2009 жылы ашылған болатын. ҚПО-ның қалдықтарды қысқарту және оларды қайта өңдеу бойынша жүргізген бағдарламасы шеңберінде өткізілді. Әлемдік деңгейдегі бұл нысан өндіріс қалдықтарын пайдаға асырудың қауіпсіздігін, мұнай бұрғылау кезінде қалатын сұйық және қатты қалдықтарды жою мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. ҚПО-ның “Эко-орталығы” өзінің құрамына қандай нысандарды енгізгендігін айта кетейік. Мысалы, керексіз қалдықтардың термоме­ха­ни­калық өңдеуін орнату, онда бұрғылау қал­дық­тарының қауіпсіз және тиімді өңдеу жүргізіледі. Бұрғылау ерітінділерін өңдеуде және аралас­тырудың кешені болып табылатын бұрғылау ерітінділерінің зауыты, мұнай өнімдерімен ластанған суды тазалайтын жерде сұйық қалдықтарға қондырғы орнату, құбырлардың күрделі жөндеуден өткізу кезінде пайда­ла­нылған рассолды қайта қолдану үшін қайтадан өңдеу, сондай-ақ су негізіндегі бұрғылау ерітінділерін қайта өңдеу кіреді. Ол бұрғылау кезінде шы­ғатын керексіз қалдықтар болып табылмайтын заттар, мұнай өнімдерімен және қатты қал­дықтармен ластанған нәрселерді өңдеу жүр­гі­зілетін жердегі айналмалы пешке қолданылады. Ендігі жерде ҚПО өзге де мүмкіндіктерімен қоса қымбат базалық майды шығарып алып, оны қайтадан қолдана алатын болады. Бұл қым­бат май мұнайлы негіздегі бұрғылау ері­тін­ділерінің 65 пайызын құрайды. Базалық майды судан сүзіп, осы арқылы сақтауға арналған алаңдағы қалдық көлемін төмендетуге мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда ҚПО-ның “Эко-орталығы” аймағында қатты қалдықтарды сақтауға арнал­ған стационарлы полигон салыну үстінде. Венера ТҮГЕЛБАЙ.