Қала жолдарында көлік қозғалысы да қиынға соғып барады. Әлеуметтік желіде шаңды дауылдың видеосы тарап жатыр.
- «Қазгидромет» қызметі Маңғыстау облысы аумағында шаңды дауыл тұрып жатқаны, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіні туралы SMS хабарлама таратты. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында сабақ қашықтан жүргізеледі. Біз азаматтардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз, - деп хабарлады Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жолда өте сақ болуды сұрайды. Ресми мәлімет бойынша, облыстағы барлық жолдар көлік қозғалысы үшін ашық тұр.