Хоккей • 25 Сәуір, 2023

Жапонияны да жеңді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Жапонияны да жеңді

Алғашқы турда Мажарстан хоккейшілерін 3:0 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз екінші турда «А» тобында Қазақстанмен бірге турнир кестесінде көш бастаған Жапония жасөспірімдерін қапы қалдырды. Есеп – 5:0. Матчтың бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасынан Артур Гросс ойынның есебін ашса, үзілістен кейін Кирилл Ляпунов Жапония қақпасына екінші шайбаны соқты.

Үшінші кезеңде де бұл есеп Қазақстан хоккейшілерін қанағаттандырған жоқ. 44-минутта Александр Ким таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізсе, арада төрт секунд өткенде Кирилл Ляпунов дубльдің авторы атанды. Ал матчтың аяқталуына бір минут қал­ғанда Әділ Бейсембаев мергендігімен көзге түсіп, матчтың соңғы нүктесін қойды – 5:0. Жер­лестеріміз чемпионаттағы кейінгі ойы­нын бүгін Дания хоккейшілерімен өткізеді. Олар алғашқы турда Жапониядан 5:3 есе­бімен жеңілген болса, екінші турда Украина құрамасын жеңді – 5:1. Екінші тур ойындарынан кейін турнир кестесінде Қазақ­стан құ­рамасы алты ұпаймен жеке-дара көш бастады.