Себебі бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы – Мадридте өтіп жатқан «WTA 1000» турниріне қатысудан бас тартты. Былтыр дәл осы турнирде жеңімпаз атанған О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол енді дода біткеннен кейін 1 мың рейтингтік ұпайынан айырылып, жетінші орынға сырғиды. Ал жетінші орындағы Рыбакина алтыншы орынға көтеріледі. Дегенмен жарыс барысында жақсы нәтижеге қол жеткізетін болса, тіпті рейтингте бұдан да жоғарылай алады.
Е.Рыбакина Мадридтегі жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол бұл кезеңде ресейлік Анна Калинская немесе чехиялық Бренда Фрухвиртованың бірімен кездеседі.