Хоккей • 25 Сәуір, 2023

Қарымта ойында да қапы қалдырды

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері елордада Латвия мен Финляндияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаһандық додаға дайындық барысында хоккейшілеріміз Оңтүстік Корея хоккейшілерімен екі мәрте мұзайдында жолығып, екі ретінде де қарсыластарын ірі есеппен тізе бүктірді.

Қарымта ойында да қапы қалдырды

Екі ел арасындағы алғаш­қы­ кездесуде жерлестеріміз 5:0 есебімен жеңіске жеткен­ болса, екінші матчта біз­дің жігіттер қарсылас ко­ман­­даның қақпасына бақан­дай­ сегіз шайба соғып, мұз­ай­дынға жиналған жан­кү­йер­лерді қуанышқа бөледі – 8:2.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев бірінші ойынға қарағанда екінші матчта ойынға өзгеріс енгізіп, бірқатар жаңа ойыншыларды тексеріп көрді. Атап айтқанда, ел біріншілігінде «Номад», «Арлан» секілді командаларда өнер көрсететін Максим Мухаметов, Абай Маңғысбаев, Артем Королев, Әлихан Өмірбеков ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізсе, бірінші кездесуде мұзайдынға шық­па­ған­ Батырлан Мұратов та бұл жолы ойынға араласты. Ал өткен ойында қосалқы құрам­да­ қалып қойған «Барыстың» қақ­пашысы Никита Бояркин бұл жолы алғашқы минуттардан бастап қақпаны күзетті. Бірақ Ғалым Мәмбеталиев бірінші матчтағы В.Орехов, Ә.Бекетаев, Е.Рымарев – А.Шестаков, Р.Старченко бес­ті­гіне өзгеріс енгізген жоқ.­ Қалған үш бестікке жо­ға­­рыда аты аталған хок­кей­ші­лерді қосып, тәжірибелі хок­кейшілермен бірге ойнатты.

Қазақстан мен Корея арасындағы екінші матчта­ көп шайба соғылды де­ме­­­сеңіз, бұл бәсеке де дәл­ бірінші ойынның сце­на­рийі­мен басталды. Яғни бірін­ші кезеңде хок­кей­ші­лер бір-бірінің қақпа­сы­­на­ шайба соға алған жоқ.­ Ал екінші кезеңнен бас­тап «Барыс Аренаға» жи­нал­ған жанкүйерлер голдар­ шо­уының куәсі болды. Екінші кезеңде хоккейшілер 4 мәр­те,­ үшінші кезеңде 6 рет мер­ген­ді­гімен көзге түсті.

Атап айтқанда, екінші 20 минут­тықта Қазақстан құра­масы сапынан Әлихан Өмірбеков (24-минут), Максим Мухаметов (26), Әділ Бекетаев (36) нысананы дәл көздесе, Оңтүстік Корея құрамасынан Кан Мин-Ван (31) өз атын таблоға жаздыртты. Ал шешуші, үшінші кезеңде жерлестерімізден Данил Бутенко (42), Михаил Рахманов (48), Роман Старченко (57), Никита Михайлис (57) және Әлихан Өмірбеков (59), Таңғы шық елінің өкілдерінен Ким Ки-Сунге (56) гол соғу бақыты бұйырды.

Енді Қазақстан ұлттық құра­масы мамыр айында Ресей және Беларусь құра­ма­­ларымен үштік турнир ая­сында кездесу өткізеді. Ре­сей хоккейшілерімен 5 ма­­мырда жолықса, Бе­ла­­­­­русь құра­ма­сымен 7 ма­­мырда ойнайды. Матч­тар­ елордадағы «Барыс Арена» мұз айдынында өте­ді. Осы турнирден кейін жер­лестеріміз Латвия мен Финляндияда өтетін әлем чемпионатына аттанады. Ол жақта біздің жігіттер «В» тобында Канада, Чехия, Швейцария, Латвия, Сло­ва­кия, Норвегия және Сло­вения құрамаларымен әлем чемпио­ны атағын сарапқа салады.