![Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды](/media/2023/04/26/59c9f209-1fd3-4e81-b133-cbc77ca7f1fe-960x500.jpeg)
Полиция мәйіттің жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қаңқалы мәйіттің үстінде: «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.