Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұсынған мәліметке сәйкес, Барсакелмес қорығында Борщовтың қызғалдақтары гүлдеген.
Борщов қызғалдақтары – орыс ботанигі Илья Григорьевич Боршовтың атымен аталған Арал өңірінің эндемикалық өсімдігі. Қызғалдақтың бұл түрі Барсакелмес қорығында кездеседі, сәуір-мамыр айларында гүлдейді, мамыр-маусым айларында жеміс береді. Жемісі – үш жасушалы көп тұқымды бүршік.
«Әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Борщов қызғалдағы да ерекше қорғалатын өсімдіктердің тізімінде бар», делінген комитет таратқан хабарламада.