2014 жылғы 25 маусым, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мүше мемлекеттердiң аумақтарында «Моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы №72 шешімін (бұдан әрі – Шешім) іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6299 болып енгізілген, «Казахстанская правда» газетіне 2010 жылғы 23 маусымдағы №156-157 (26217-26218) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы шыққан № 130 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.»;
Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережесінде:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғалармен 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленген кәсіпорынның жобалы өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ететін технологиялық процестер негізіндегі сериялық өндіріс жүйесі, ол мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтиды:»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндетті талаптары келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомасына өндірістік активтердің, тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, сондай-ақ заңды тұлғаның келісімге қол қойған сәттен бастап 84 айдан аспайтын мерзімдегі міндеттемесінің болуы болып табылады, олар мыналарды қамтамасыз етеді:
8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
8707 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясы бойынша жіктелетін шанақтың құнын ескере отырып өндіріс үшін пайдаланылатын автокомпоненттердің жалпы құнынан 70% көп емес көлемде «8701-8705 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған» Бірыңғай кедендік тарифтің позициялары бойынша Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған өнеркәсіптік құрастыру үшін автокомпоненттерді әкелу.
Шешім күшіне енгеннен кейін жан-жақты келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:
8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндеті талаптары заңды тұлғаның келісімге қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ мыналарды қамтамасыз ету болып табылады:
8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары бойынша жобалы қуаты екі ауысымды жұмыс режимінде жылына кемінде 10 000 моторлы көлік құралдары;
8702КО СЭҚ ТН тауар позициясы бойынша жобалы қуаты жылына кемінде 1200 моторлы көлік құралы;
8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының бірі бойынша моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалармен жан-жақты келісімдерді қоспағанда, Келісім күшіне енгеннен кейін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты жаңа келісімдер жасасуға жол берілмейді.
Өнеркәсіптік құрастыруға өту мерзімі жан-жақты келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғары мерзімнен аспауы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауарлар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты келісімдер жасасуға Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде беріледі.»;
11-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келісімге қол қойылған күнге және 5-1 тармағына сәйкес Келісімге қол қойылғаннан кейін 6 ай өткен соң заңды тұлғада өндірістік активтердің болуын растайтын аудиттелген қаржы есеп-қисабы.»;
Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу ережесіне қосымшада:
1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.1. Осы келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, отандық автомобильдер өндірісін дамытуға бағытталған ЕурАзЭҚ (бұдан әрі – Кеден одағы) шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының жағдайында «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі талаптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Моторлы көлік құралдарын «өнеркәсіптік құрастыру» дегенде өзіне мынадай технологиялық операцияларды орындауды:
шанақты дәнекерлеу, бояу және монтаждау;
салонның жабдықтарын монтаждау;
күш агрегатын, руль механизмін, шығару жүйесін монтаждау;
электр жабдықтарын, аспа элементтерін монтаждау;
экстерьер элементтерін монтаждау;
дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізуді қамтитын технологиялық процестердің негізінде, екі ауысымды жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның жобалық өндірістік қуатын 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, 8701, 8704 және 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары үшін жылына кемінде 10 мың бірлік, 8702 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына кемінде 1,2 мың бірлік қамтамасыз ететін сериялы өндіріс жүйесі түсініледі.».
1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3. Тараптар серіктестігі (өзара іс-қимылы) Тараптардың:
1) 8703 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомаға өндірістік активтердің болуы туралы талаптарды орындауды қамтамасыз ету немесе 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімге қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ:
8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды бастау;
бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»;
2) Уәкілетті органның «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімнің талаптарын сақтауына кепілдік беру бойынша міндеттемелерді қабылдағанда жасалады.».
2.1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды іске қосуды;
бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізуді қамтамасыз етуге.»;
2.2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.1. осы келісім талаптарының нашарлау жағына өзгеруіне алып келетін (артықшылықтардың қолданылу шарттары және/немесе мерзімінің «өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шартының және т.б. өзгеруі) 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу ережесі өзгерген жағдайда келісім талаптарын өзгертпеуге міндеттенеді.»;
8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.1. Осы келісім 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.»;
8.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.4. Астана қ. 2014 ж. «__» ________ әрқайсысы қазақ және орыс тілінде, бірдей заңды күші бар екі данада, әр тарапқа 1 (бір) данадан жасалады. Егер келіспеушіліктер болған жағдайда, осы келісімнің ережелерін талқылауда, тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы
А.РАУ.
––––––––––––––
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9555 болып енгізілді.