Полицейлер Ирина Эмді өлтірді деген күдікке ілінген Шахтинск қаласының екі тұрғыны - 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел адамды ұстады. Жедел уәкілдердің айтуынша, жасалған қылмыс жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес.
«Айғақты заттар тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деді Қарағанды облысы бойынша ІІД басшысы Ерлан Файзуллин.
Еске сала кетсек, 23 сәуірде Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің мәйіті табылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.