Қоғам • 26 Сәуір, 2023

Журналистер күніне орай байқау жарияланды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер күніне орай байқау жарияланды
Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей:
 
• Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы;
• Импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану;
• Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы;
• Ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер;
• Табиғи апаттар кезіндегі Қазақстан азаматтарының көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек:
• Спорт және салауатты өмір салты;
• Жас дарындар: түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар.
 
Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотосуреттер, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек.
 
Материалдар 2023 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.
 
Материалдар мен анкеталық мәліметтерді [email protected] почтасына материалдарға сілтеме көрсете отырып, тек электронды түрде жолдау керек. Сауалнамада жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы, телефоны және материалдарының қандай басылымдарда жарияланғанын көрсету қажет.
 
Байқау қорытындысы 20 маусымда шығады, ал 2023 жылдың 28 маусымында Алматыда марапаттау рәсімі өтеді.
 
Байқау туралы қосымша ақпарат Журналистер одағының Facebook парақшасында жарияланады.