Қоғам • 26 Сәуір, 2023

Такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейтін болады

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 шілдеден бастап курьерлер мен такси жүргізушілері жеке кәсіпкерлер ретінде салық төлейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейтін болады

Курьерлер мен такси жүргізушілері Қаржы министрлігінің пилоттық жобасы аясында 1 шілдеден бастап салық төлейтін болады. Пилоттық жобаға қатысу міндетті емес. Әзірге қатысқысы келетіндер ғана қатыса алады. Қатысу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

Операторлар ай сайын жарты жылдық табыстың 1 пайызын алып отырады.

«Оператор жеке кәсіпкердің шешімі бойынша қаражатты ұстау бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде салық агенті болып танылады. Пилоттық жобаға қатысушылар үшін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарға салық төлеу жеке кәсіпкердің табысы болып саналады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарға салық салу объектісі ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшеріндегі кірісі болады», деп түсіндірді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50